ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР НЕГЕ АЗ?

Уақыты: 19.04.2019
Оқылды: 1252
Бөлім: ТҮПСАНА

Биыл - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарық көргеніне екі жыл. Осыған орай аталмыш уақыт аралығында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға байланысты облыстық әкімдікте селекторлық отырыс өтті.

Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру қарқынды жүргізілуде. Өңірде аталмыш бағдарламаны тиісті деңгейде жүргізу бойынша өткен екі жылда 300-ден астам жоба мен іс-шара іске асырылып, жыл сайын миллионға жуық адам қатысқан. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес  биылғы жылдың 1-ші тоқсанында облыс бойынша 20 мыңнан астам адамның қатысуымен 19 жоба мен 253 шара өтті.

Жиында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына арналған облыстық іс-шаралар жоспары да талқыланды. Осыған орай облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев сөз алып, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің алдағы уақытта атқарылар жұмысы мен жобасын, іс-шараларын егжей-тегжейлі баяндады.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев алдағы уақытта да жұмыстар қарқынды жүргізілуі тиіс және санға емес, сапаға көп көңіл бөлу  қажет екенін қадап айтты. Сонымен қатар, республикалық, облыстық, аудандық басылым беттеріне жазылу көрсеткіші облыс бойынша тұрақты емес екендігін атап, күн тәртібіндегі осынау екінші мәселеге қатысты жауапты қызмет иелеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Атқарылар жұмыс барысын, ел тынысын, руханият кенішін насихаттайтын газеттің қадірін халыққа түсіндірмегеннің нәтижесінде басылым беттеріне жазылушылардың саны төменгі көрсеткішті көрсетіп тұрғанын ескерткен Ақан Жылқышыбайұлы алдағы жартыжылдықта кемшілікті тиісінше оңалтуды тапсырды.

Жиында лауазымды тұлғалардың әлеуметтік желідегі белсенділігін арттыру мәселесі көтерілді. Әкім орынбасары бұл бағытта барлық жауапты мамандарға белсенділік танытуды міндеттеді.

                                   Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ