Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ПОЙЫЗ: ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР КУПЕДЕ БӨЛЕК ОТЫРУЫ КЕРЕК

Уақыты: 28.05.2019
Оқылды: 2509

Пойызға бәріміз отырамыз ғой. Жайланып барайыншы деп күпеге билет аласың. Кейде онда ашық-шашық киінген қыздар отырады. Не біреудің әкесі, күйеуі, балалары танымайтын бір әйелмен не қызбен бірге барады. Жолда олардың не істейтінін білмейсің.

Өткен жолы елордаға ұшақпен барып, қайтарда пойызбен қайттым. Купеге билет алғанмын. Менімен Алматыға дейін бір әдемі қазақ келіншек купелес болып бірге келді. Күйеуі маған елорда вокзалында қайта-қайта алаңдап қарап қояды. Келіншегін алыс сапарға шығарып салып тұрған күйеуіне қарап: «Қорықпа, әйеліңе тиіспеймін!» - деп айтқым келді. Біреу саған күдіктеніп қарап тұрса, әлгі жерде қарадай қуыстанады екенсің. «Мүмкіндікті жіберме» деп шайтан малғұн қанша сыбырласа да, жолда ешқандай төтенше жағдай болған жоқ, Алматыға аман-есен жеттік.

Купе деген кәдімгідей адамды азғыратын жер екен. Елдің бәрі біз сияқты Құдайға қараған адам емес қой.. Рухани жаңғыруды осы теміржолдан бастап, ерлер мен әйелдерді болашақта купеде бөлек-бөлек отырғызу керек сияқты. Біреудің әйелімен (қызымен) оңаша қалуды күнә, қылмыс санайтын мұсылман қазақпыз ғой, қайткенмен, орыстар секілді емеспіз.

Жолымбет МӘКІШ

"Facebook" парақшасынан алынды