ПАНФИЛОВ АУДАНЫ: ҮШ МЕКТЕПТІҢ АТЫ АУЫСТЫ

Уақыты: 13.06.2019
Оқылды: 2066
Бөлім: ТҮПСАНА

Әлихан БӨКЕЙХАН, Дінмұхамед ҚОНАЕВ, Бауыржан МОМЫШҰЛЫ! Алматы облысы, Панфилов ауданында үш мектепке осы үш тұлғаның есімі берілді. Бұл туралы Панфилов аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Панфилов ауданындағы бұрынғы А.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясы даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының, Көктал орта мектебі мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың атымен аталатын болды. Сондай-ақ, Сәтжол орта мектебіне Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді.

"Қазіргі уақытта Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Енді аудан әкімшілігі тарапынан атқарылатын тиісті жұмыстарды жасап жатырмыз", - дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Арман Юсупов. Айта кету керек, бүгінде Панфилов ауданында барлығы 50 мектеп бар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"