ҰЛТТЫҚ ОЙЫННАН ЖАРЫС ӨТТІ

Уақыты: 16.08.2019
Оқылды: 1553
Бөлім: ТҮПСАНА

Биылғы жылдың 13-14 тамыз күндері аралығында Талдықорған қаласы «Жастар» спорт сарайында ұлттық ойынан тартысты жарыс өтті. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Алтын сақа» облыстық ұлттық ойындары (асық ату, бес тас, ләнгі тебу) Спартакиадасында қатысушылар бар өнерін ортаға салды. 
Аталған жарысқа облысымыздың аудан, қалаларынан 17 командада, 140-қа жуық спортшы қатысты. 
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1 орынды – Қарасай ауданы, 2 орынды – Талғар ауданы, 3 орынды – Ескелді ауданы иеленді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"