Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚАТЫСЫҢЫЗ: ІЛИЯСТЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕР АРАСЫНДА БӘЙГЕ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 21.08.2019
Оқылды: 540

Қазақтың әйгілі ақыны, жазушы, фольклортанушы, этнографиялық танымдық материалдар мен көркем дүниелердің авторы, кәсіби журналист Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Жазушылар Одағы, «Қазақ әдебиеті» апталығы, Ілияс атындағы қор, «Abai.kz»ақпараттық порталы және Алматы облысы, Ақсу ауданының әкімдігі шығармашылық ортаға арналған бәйге жариялайды.

Бәйгеге Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер мен танымдық тұрғыда жазылған материалдар, телеарналарда жарық көрген көрсетілімдер, бағдарламалар, хабарлар, деректі фильмдер, радиобағдарламалар, интернет-басылымдарда жарияланған мақалалар қабылданады.

Бәйгеден үмітті шығармалар aqsu2019@gmail.com электронды поштасына 2019 жылдың 30-қыркүйегіне дейін келіп түсуі керек.

Қосымша мәліметтер алу үшін мына телефондарға хабарласа аласыздар: 8 701 555 4576; 8 705 214 5050.

Шығармаларды қазылар алқасы сараптайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды