Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

"ӨКПЕЛЕМЕ": МҰХТАР МАҒАУИН РЕСЕЙДЕГІ ЕЛШІГЕ ХАТ ЖАЗДЫ

Уақыты: 18.11.2019
Оқылды: 423

Белгілі жазушы Мұхтар МАҒАУИН Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовке хат жазды. Бұл туралы республикалық "Айқын" газетінің ресми сайтында жарияланды.

Онда ол Қасым хандығын басқарған Ораз-Мұхаммедке арналған ескерткіштің ашылу салтанатына келе алмайтынын жазған. Хаттың толық нұсқасы мынадай:

«Имаш қалқам! Назарыңнан тастамағаныңа рақмет! Көптеген игілікті шаруаға ұйытқы болып жатырсың. Бірақ мен қайткенде бара алмаймын. Мәселе уақыт, жұмыс жағдайында ғана емес. Мен ұшақпен ұзақ сапарды көтере алмаймын. Сондықтан, айып етпе. Әйтпесе, Ораз-Мұхамедтің ескі жұртына отыз жылдан соң тәуап етіп қайтқан жақсы болар еді. Өкпелеме. Өзіңе қашанда тілектес Мұхтар ағаң. 5.Х.2019. АҚШ».

Хат мәтіні әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Айта кетейік, жуырда ғана Ресейдегі Елшіміз Иманғали Тасмағамбетовтің мұрындық болуымен қазақ тарихындағы әйгілі тұлғалардың бірі - Ораз-Мұхамедке ескерткіш орнатылып, салтанатты ашылу шарасы өткен еді. Ресей жеріндегі рухты көтерген шара Алтын Орда хандығының мерейтойы қарсаңында ұлт болашағы үшін жасалған игі қадамдардың бірі болып тарихқа енді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"