САҚ ӨРКЕНИЕТІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Уақыты: 19.02.2020
Оқылды: 1296
Бөлім: ТҮПСАНА

М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлері мен Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың сақ өркениеті» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрмеге Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі қорындағы «Рахат» қалашығы мен қорымы, Рахат тұрағы «палеолит дәуірі», Өрнек қорымы, Шошанай қорымдарынан қазба жұмыстар нәтижесінде табылған,  темір дәуірі кезеңіне жататын әшекей бұйымдары, қару түрлері, тұрмыстық заттар, ғұрыптық ыдыстар сынды барлығы 21 жәдігер қойылып отыр. Сонымен қатар, әл-Фараби аындағы ҚазҰУ халықаралық «Геоархеология» ғылыми-зерттеу зертханасының соңғы бірнеше жылда Алматы облысында жүргізген қазба жұмыстары барысында табылып, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына өткізілген 17 жәдігері қойылды.

Көрменің ашылу салтанатына басқарма басшылары, студенттер және мектеп оқушылары шақырылады. Көрмені М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде ақпан айының 19-28 күндері аралығында тамашалай аласыздар.

Олжас СМАИЛОВ,

Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері