ТАЛДЫҚОРҒАНДА РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖАЙЛЫ ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Уақыты: 14.04.2020
Оқылды: 1505
Бөлім: ТҮПСАНА

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Рухани жаңғыру» ғылыми білім беру орталығының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қасабектің «Рухани қызметтің танымдық жаңғыру өрісі» атты оқу құралы жарық көрді.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына үш жыл толуына орай арнайы дайындалған оқулықта қоғамның қазіргі рухани дамуының негіздері талданып, тарихи-мәдени, философиялық тұрғыдан сараланған.

Кітап магистранттар мен докторанттарға және әлеуметтік-гуманитарлық білімнің өзекті мәселелеріне қызығатын қалың оқырманға арналған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"