САЗ ӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ, ДАҢҚТЫ КОМПОЗИТОР ЕРКЕҒАЛИ РАХМАДИЕВКЕ - 90 ЖЫЛ

Уақыты: 20.03.2022
Оқылды: 3752
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Қазақ даласының түп жусаны мен қоғасы, қом сулары, шағандары мен шыңдары, төбелері мен текшелеріне дейін ән салып тұрғандай көрінетіні бар. Оны шетелдік музыка зерттеушілері тарихқа сыналап пікір саптай растаса, біз талант тақсырларының тізімін санамалай отырып қазақтың ұлы музыка өнерінің бай екенін айшықтар едік. Дегенмен, қазақтың кәсіби музыка өнеріне ұлы олжа салған А.Жұбанов, М.Төлебеаев сын­ды саз өнері саңлақтарының ізін жалғастырушы, КСРО Хал­ық әртісі, Қазақстан мем­лекеттік сыйлығының лау­реаты, профессор Ерке­ғали РАХМАДИЕВТІҢ шығарма­шылы­ғы күллі қазақ елінің жүре­гіне қонғаны жасырын емес. Осынау ұлы композитордың туғанына биыл 90 жыл толып отыр.

Еркеғали Рахмадиев ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бас­тап Қа­зақ­­­­­стан өнерінің да­м­уы­на, әлемдік музы­ка мә­дениетінің дәс­түрлі халық өне­рі­­мен сіңісуіне бағ­дарланған жаңа бағыт­тың көш ба­сын­да жүрді. Түрлі жанр­да және әртүрлі форма мен стиль бо­йын­ша музыкалық шы­ғар­­малар жазды. Алты опе­ра, үш симфониялық поэ­ма, екi сим­фониялық күй, екі концерт, во­кал­­ды-симфониялық, вокал­ды хореографиялық ком­пози­ция, қазақ халық аспаптар ор­кест­ріне ар­налған және аспапты-каме­ра­лық шығарма, көптеген ән мен романстар, кинофильмге және драмалық қойылымға ар­налған музыкалар таланты ком­позитордың көкі­регінен но­та болып тө­гіл­ді. Саналы ғұ­мы­рында көр­кемөнердің қағи­да­ла­рын берік ұстанды. Өзіне де­­ген халқының сеніміне адал, атақ-даңқына лай­ық ғұ­мыр кешті. Кейіп­керіміздің шығар­ма­шы­лы­­­ғын­да музыкалық тiл­дiң түсі­нік­тілігі, атам заманғы көркемөнер­мен, сол кезеңдегі халық­тың өмірімен терең бай­ла­нысы сақ­талды. Шы­ғар­машылығында Отан­ға шексіз берілген ма­хаб­бат сыршылдықпен сурет­те­ліп, өмір шындығы асқақ күй­де дәріптелді.

Еркеғали Рахмадиев 1930 жылы 1 тамызда бұ­рынғы Семей облысы, Шұ­бар­тау ауданында дү­ние­ге келді. Бала кезінен-ақ музыкаға қанық болып өстi. Оның әкесі Рахмади бiрiншi халық да­рындыларының рес­пуб­ликалық слетiнде же­ңім­паз атанған екен. Осын­дай қабілетке ие текті әкенің тәлімін алған ол жас­тайынан музыкаға деген сүйіс­­пеншілігін шыңдап, саз әлемінің сырына қан­ық болып ержетті. Қара ша­ңы­рақта бой түзеп келе жатқан балауса кезе­ңінде-ақ қасиетті қара дом­быраға іңкәрлігі ауып, қос ішек­пен салалы саусақтарын егіз ете білді.

Балалық шағы соғыс жыл­дары­на тұспа-тұс келгендіктен, болашақ композитор әкесіне қолғабыс етіп, тіршіліктің ауыр сынақтарын бастан өткерді. Балауса шағында ауыр жұмысқа жегілді. Әкесімен бірге балық аулау жұмысымен айна­лысып, қабырғасы қайыса жү­ріп үлкендермен бiрге ау тартып, балық тазалады. Отан соғысы бітіп, елді білімге тарту үшін ел-елді аралап, талантты жастарды із­деу ісі өріс алды. 1948 жылы саз училищесіне  дарынды, зерек балалар жинау мақсатында үгіт-наси­хат жұмысымен бір топ әртіс келеді. Олардың құрамында композитор Нұрғиса Тілендиев, ән­шi Бекен Жылысбаев, сыр­найшы Константин Ош­ла­ковтар болатын. Ауылға келген осынау талант ие­лері­мен алып шаһарға бет түзеген кейіпкеріміз сол жылы П.Чайковский атын­дағы музы­калық училищеге оқуға түсе­ді. Халық аспаптар бөлi­мiнде домбыра аспабы және теориялық-тарих сын­ды екi мамандықты қа­тар меңгереді. 1952-1957 жылдар аралығында Құр­манғазы атындағы Ал­маты мем­лекеттiк консерваториясын да аяқ­тайды. Ол халық артис­терi Л.Хамиди мен Е.Бруси­ловс­кийлерден тәлім алған. Асқан білімдар педагог, про­фессор Е.Брусиловский кейіпкеріміздің дарынын байқап, оған аса мән беріп, жан-жақты музы­кант болуына мейлінше мүм­кіндік жасаған. Ал Л.Ха­ми­ди сол уақыттарда-ақ алғашқылардың бiрi болып: «Ереке, сенен жақсы ком­позитор шығады», – деп се­нім артқан болатын.

Иә, Мұқан Төлебаев сынды та­лант­пен етене ара­ласып ғұ­мыр кешкен кейіп­керіміздің шы­ғар­машылығы бай­тақ елдің музыкасына қосыл­ған жақұт туын­ды­лардан тұратыны анық. Ерке­ғали Рахма­диевтің шығармашылық көзі кө­бі­несе ән әуендерінен тұра­ды. Өлең сөздерiн, тақырыптарын ал­дын ала iздес­тiрiп, қайта-қайта оқып, жанрлық түрге бөліп, өзі­­нің ойымен сәйкес келетін сюжет­­тердi iрiктеуді жақсы көре­ді.

Мысалы, 1950 жылдары жазыл­ған үш өлеңі автордың алғашқы туын­дылары қатарына жатады. Хамит Ерғалиевтің сөзіне жазыл­ған «Халықтар достығы» әнін­де сол кез­дегі уақыт талап­тарына сай халықтардың дос­­тас­тықтары және бауыр­лас елдердің ынты­мақ­тас­тықтары туралы сурет­телді. Десе де, 30-дан ас­там әуен жазып, тек осы жанр­мен ғана шектеліп қоймай, ро­манстар, баллада, элегия, таран­тел­ла, ария, тол­ғау жаз­ған саз саң­ла­ғының қор­жы­ны қазы­на­­ға бай. Нутфул­ла Шә­кенов­тың сөзі­не жазылған «Таң са­малы» ә­ні бүкіл қазақ­стандықтардың сүйіп орындайтын әніне айналды. Бұл жас­тардың бір-біріне дег­ен сүйіспеншілігін жыр­лайтын, лирика жанрында 1960 жылдары жазылған туын­ды болса да, күнi бүгін­ге дейін сахна төрінен түс­кен жоқ. Өмір­дегi қуа­ныш пен бақытты кезең­ді, ал­бырт сезiмдi жырлаған әрі көпшіліктің жанын тербеткен «Жетісудың қыздары-ай», «Бала ға­шық», «Шұбартаудың жастары қан­дай», Ә.Тәжі­баевтың сөзіне жазылған «Дала еркесі» сынды әндері музыканың асқақ шы­ңындай десек, артық айтқанымыз емес.

Жастық шақ өтiп, кемел­денген уақыт­та ұлы суретшідей кесек болмыс саптаған композитор Ә.Тә­жі­­баевтың сөзiне жазылған «Жолдар, жылдар» атты тол­ғауды өмірге алып келді. Отан соғысы туралы А.Байғожаевтың сөзіне жазылған «Қайда менің достарым?» әні де өзінің бастан кешкен кезеңі­нің ерекше таңбасындай болып бедерленді.

Е.Рахмадиев ұлттық поэ­зия және музыканың қо­ңыр бояуларына ба­са мән беріп,жыр­дың сал­мақтысын таңдай біл­ген тал­ғампаз талант иесі. Оның Ж.Өмірбековтің сөзi­не жазылған «Же­ңіс жы­ры» жалғасын тап­ты. Н. Шә­ке­новтың сөзiне жазыл­ған «Туған жер туралы ән», «Сал­та­нат­ты кантата», «Оянған өл­ке», «Құттықтау кантатасы», «Конс­титуция туралы поэма», «Аястан», «Халықтар достығы», «Сахаралық шапақ», «Тың туралы ән»  сынды әндері де елжандылық сезімін арттыратын туындылары екені даусыз. Сонымен қатар, ол опера жан­рында «Қамар сұлу», «Дала шапа­ғаты», «Алпамыс», «Тың ту­ра­лы ән», «Абылай хан» сынды классикалық туын­дыларды өмірге алып келді.

«Қамар сұлу» опе­расы Қазақ­­станның музы­ка өне­рінде биік же­тіс­­тік­­терге жеткен көр­кем туын­дылардың бі­рі саналады. Е.Рах­ма­­диев­тің қаһармандық, ер­лік тақырыбындағы «Ал­памыс» эпос­тық операсы ұлттық музы­ка мәдениет тарихына қосқан сал­мақты үлес есебінде. Ком­по­зи­тор coнay заманғы мұра­ларымызды жаңғыртып, оларды жалпы адамдық құн­дылықтар дең­гейi­не дейiн шырқатты. Шығар­машылығындағы біре­гей қолтаңбалары, жоғары ел­жан­­дылық, отансүйгіштік ру­хы, Отанға деген сүйіс­пеншілік, бос­тандық пен әділеттілік қазіргі заман­ғы идеялармен ұштасып жа­тыр. Міне, осы ой-тол­ғауларды композитор «Абы­лай хан» операсында ғана емес, бүкіл шығар­машылық өнеріне арқау етіп, icкe асырады.

Атақты орыс ком­пози­торы Ро­ди­он Щедрин: «Ерке­ғали Рах­мадиевтің музы­касы Еуропада және Азияның көптеген ел­дерiнде, амери­кандық кон­тинентте өзгеріс­сіз, асқан қызы­ғушылықпен орын­да­лып жатыр», – деп тол­ғанған болатын. Еркеғали Рах­ма­диев педагогикалық ең­бек жол­ын Қыздар институтында оқыту­шы­лық­тан бастады. Алматы кон­­сер­ваториясының фоль­клорлық каби­нетiнде мең­геруші болып жұ­м­ыс істеді. 1959 жылы Жам­­был атындағы Қаз­ақ мемлекеттік фи­лар­мо­ниясында көркемдік жетекші болып та­ғайын­далды. 1961-1965 жылдар ара­лығында Қазақ КСР Мә­дениет министр­лiгiнде көркемөнер шаруасының басшысы, ал 1966 жылы Абай атын­дағы опера және ба­лет театрының директоры қыз­метiн атқарды. 1967 жы­лы Құрманғазы атын­дағы консерваторияның ректоры бол­ып тағайын­далады. Сол жылы Қазақ­стан Ком­позиторлар ода­ғы­ның төрағасы және КСРО Ком­пози­торлар ода­ғы­ның хат­шысы бол­ып тағайын­да­лады.

Консерватория ректоры бол­ған жылдарында Е. Рах­мадиев үлкен жұ­мыс ат­қарды. Әуелі әртүрлі про­фи­льдегі мамандарды әзір­леуді қолға алып, опе­ра­лық сту­дия ісін жан­дандырды. Сондай-ақ, осы уақыттарда факуль­тетте театр және режис­сер бөлiмдерi ашы­лады. Консерваторияда сту­денттердің саны да өс­ті. Көптеген дарынды композиторлар дайын­дады.

Еркеғали Рахмадиевтiң музы­­касы ХХI ғасырдағы көкейкесті әрі құнды дүние. Көп жылдан бері оның шығар­машы­лығын зерттеп кел­ген зерт­теуші профессор Сара Күзембаева: «Ер­ке­ғали Рахмадиев өнерге арнаған өмірінің барлық уақытында шынайы су­рет­шi ретiнде нақты шын­дық­ты ғана бейнелеп қой­ған жоқ, сонымен қатар, шабыттандыра да білді», – деп әділ баға берді.

Мұқан Төлебаевтың iзба­сары Еркеғали Рах­ма­диевтің өнері біздің жүре­гімізде мәңгі өмір сүреді. Сонымен қатар, өмір­шең шығармалары ұр­пақтан-ұрпаққа жалғаса бер­мек. 

Әділхан АДЫРБАЕВ,

Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі,

Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің директоры

Талдықорған қаласы

Алматы облысы