ТІЛІМ БАРДА...

Уақыты: 03.10.2017
Оқылды: 1757
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін, – деп Әбділда Тәжібаев жырлағандай, тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі әрі құдіретті. 

1998 жылы Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық байлығы саналатын тілдің жарқын болашағы үшін 22 қыркүйекті Тілдер күні деп жариялаған еді. Содан бері бұл күн әрбір мекемеде, тіпті, балабақшада да атаусыз қалған емес. 
Осы мерекеге байланысты 11-25 қыркүйек аралығында №4 орта мектепте тілдер апталығы өтті. Бұл игі шараның аясында бастауыш қазақ, орыс сыныптарының арасында «Тіл – тірлігімнің айғағы» атты фестиваль ұйымдастырылды. Оған әр сыныптан 6 оқушы қатысты. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлең оқып, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді жатқа айтты. Сондай-ақ, ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды.
Елімізде 130-дан астам этнос өкілдері өмір сүреді. Әр халықтын өз ана тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті, діні бар. Оқушылар осы халықтардың сәлемдесулерін әр тілде айтып, салт-дәстүрлері жайында қазақ тілінде мәліметтер берді. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне бір кісідей атсалысқан қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері Қ. Сейсекенова, Г. Хамзина, Г. Иембергенова, Ғ. Илебаева, Е. Маскова,   Г. Ризайдинова сіңірген еңбекті ерекше атап өтен жөн.  
Тілдер апталығы оқушыларды ана тілін сүюге, халықтар достығын сақтауға, мемлекеттік тілімізді құрметтеуге баулиды. Олай болса, тіл болашағын ойлайтын ұрпақ көп болсын деп тілейік. 

Г. ИЕМБЕРГЕНОВА,
 Талдықорған қаласындағы № 4 орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі.