АЛАКӨЛ - КИЕЛІ МЕКЕН

Уақыты: 04.07.2024
Оқылды: 313
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Қазақстанда  көздің жауын алатын көрікті табиғаты мен қоса емдік қасиеті бар мекеннің бірі Оңтүстік шығыс өңірде орналасқан Алакөл көлі. Аты аңызға айналған бұл көлдің емдік суына шомылу үшін демалушылар жолдың алыс-жақынына қарамастан, тіпті шет мемлекеттерденде келіп жатады.


Жыл сайын көл маусымының қызу қайнаған кезінде Алакөлдің  жағалауы демалушыларға лық толады. Мұнда туризм жақсы дамып, туристерге барлық жағдай жасалған. Көлдің маңында көптеген демалыс орынымен  балаларғаарналған ойын алаңдары, аттракциондар және би кешін өткізуге арналған алаңдар барлығы қамтамасыз етілген. Қазір Алакөлге жеңіл көлікпен, арнайы бағытталатын автобус немесе пойыз тіпті ұшақпен қатынауға болады.

Табиғаты талайды тамсандырған  Алакөлге демалып, ем алу үшін де келетіндер саны артып келеді. Алыстан ат терлетіп келген еліміздің азаматтары суының емдік қасиеті таңғы уақытта шипалы деседі. Себебі, таңертең судың бетінде жұқа йод қабаты және Менделеев кестесіндегі бірнеше элементтер болады. Сонымен қатар Алакөлдің балшығы мен құмы да әртүрлі ауруларға ем ретінде пайдаланады.Суының түсі бір күн ішінде бірнеше мәрте өзгеруіне байланысты Алакөл деп аталған десе. Енді бірі  маңындағы ұсақ көлдердің түсі алуан болғандықтан Алакөл деп атап кеткен дейді-мыс. Расымен байқап қарасақ көлдің ортасы қою көк, жағасы ашық түске боялып тұрады. Судың тұнықтығы соншалық су астындағы тастарды, тіршілік еткен жәндіктер мен  жүзіп жүрген балықтарды анық көруге болады. Тұзды судың көмегімен көп адам жараларынан арылғанын айтады.Көл жағасы тек емдік үшін емес, жаны тыныштық қалайтын жандарға да көп мүмкіндік береді. Күннің көзі көлдің бетіне шағылысуы, құстардың дауысы, таза ауа, судың толқынының жағаға қарай соққан шуылы адамға жағымды әсер қалдырып, жаныңызға тыныштық сыйлайды. Алакөлде балық аулау мен аңшылық ер адамдардың хоббиі десек те болады.  Мұнда шағаланың сирек кездесетін түрі, аққу және бұйра бірқазанды көруге болады. Көлде сазан, алабұға, шармай тағы басқа балық түрлері бар. Сол себепті көлге балық аулап, демалуға келушілер саны да аз емес.

Алакөл жылдан жылға дамып, көркейіп, ажарлануда. Туристерден  бөлек жақын маңдағы ауылдардан келетін демалушылар да  көлге барар маусымда бұл мекенге көптеп ағылады. Әлі бұл өлкенің зерттеліп бітпеген құпиялары жетерлік. Осындай қарқынмен Алакөл болашақта ең үздік туристік аймаққа айналмасына кім кепіл.

 

Назерке НӘБІКЕНОВА
І. Жансүгіров атындағы
Жетісу университетінің 3 курс студенті