Азамат - ауыл айнасы

Уақыты: 30.01.2025
Оқылды: 1108
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Ел ішінде елеулі еңбегімен сүйсінткен азаматтар көп. Мұндай азаматтар біздің Алмалы ауылында да бар. Солардың қатарына округ әкімі Берік Доланбаевты, ауылдық жұмыспен қамту бөлімінің маманы Алмагүл Нұрпейісованы, ауыл әкімдігінің көлік жүргізушісі әрі көшелердің тазалығына жауапты Талғат Асылбековты оператор Дильбара Құрақбайқызы мен жас маман Назым Жарқынқызын қосар едік. 


Бұл азаматтар игілікті істерімен ауылдың тыныс-тіршілігіне барынша үлес қосып келеді. Қазіргі таңда елді мекенімізде имандылыққа шақыратын мешіт, тәрбие мен білімге үндейтін еңселі мектеп, балабақша, салауаттылықты ту еткен спорт кешені, түрлі әлеуметтік нысан бар. Жақында Мәдениет үйі де қолданысқа берілмек. Көшелерге жарық орнатылып, жыл сайын асфальтталған жолдардың саны артып, ауылымыз ажарланып келеді. Жұмыссыздар мәселесі де өз шешімін табуда.

Ауыл айнасы болған азаматтарға жақсы істердің жаршысы болған «Jetіsý» газеті арқылы алғыс айтуды жөн көрдік. Ел игілігі үшін еткен еңбектеріңіз жемісті болып, ауылдың жандануына үлес қоса беріңіздер. 

Ұлжан МАЙТАСОВА
Алмалы ауылы, 
Сарқан ауданы