АЛТЫННАН АЛҚА ТАҒЫНАН АНАЛАР

Уақыты: 10.09.2016
Оқылды: 3177
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Әлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет әрқашанда жо­ғары. Тек балаларының алдында ғана емес, мемлекет алдында да үлкен еңбек сіңіріп, ел алдында абыройларын асырған алтын құрсақты аналарды Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегер­лері атанған аяулы жан­дарды құт­тықтады.

Қала әкімдігінің үлкен за­лында былдырлаған ба­ла­лар­дың үні ерекше ес­тілді. Бар­лығы да балдай тәтті қылық­тарымен, сүй­кімділігімен адам тар­тады.

Бала – бауыр етің, өмір­­­­дегі ең басты бақы­тың. Бала – өміріңнің жал­ғасы. Сондық­тан да бар­лық­та­рыңызға ден­сау­лық, бақыт, береке-бірлік, от­ба­­сыла­рыңызға аман­дық тілеймін. Қазір­гі таңда бала­ны дұрыс тәрбиелеу ең бірінші мін­дет. Мұны Сіз­дер өте жақ­сы білесіздер деп ой­лай­мын. Мәңгілік Елдің ұрпақ­тары ертеңгі еліміз­дің үмі­тін ақ­тай­тын аза­мат­тар болсын деп ті­лей­мін. Сіз­дерді марапат­тау мен үшін үлкен құр­мет. Мара­пат­­тарыңыз құтты болсын, – деді өзі­нің құт­тықтау сөзін­де қала әкімі Бағдат Қара­саев.

Өмірдегі ең үлкен ер­лікті бір өздері атқарып, бала-шағасының орта­сын­да бал-бұл жанған қуа­нышты сәттің басты кейіп­керлері алтын­нан, күмістен алқа тағынды. Оларға қала бас­шысы өз қолымен сый-сия­патын ұсы­нып, ар­дақты жан­дарды марапа­тымен шын жү­рек­тен құт­тық­тады.

Лебіздер легі

Мәрия БӨЛЕКБАЕВА,

«Алтын алқа» иегері:

– Мен ел Президентінің атынан осындай марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын әрі мақтан тұтамын. Барлық қазақстандық қыз-келіншекке халық санын арттыруға үлес қосыңдар дегім келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш бол­сын деген аналық тілегімді арнаймын.

 

Дәрия ТҮМЕНБАЕВА,

«Күміс алқа» иегері:

– Мен үшін бұл өте қуа­ныш­ты сәт. Қазіргі заманда көпбалалы ана болу, бала­ларың­ды қатарынан кем қылмай бағып-қағып өсіру оңай емес. Дегенмен, Жаратушы бала­ларға жарық дүниені көруді нәсіп еткен соң оларды ризық­сыз қалдырмайды. Сондықтан қазақ елінің ұрпағын көбейтуге барлық аналарды шақырмын.

 

Сәуле КӨЛБАЕВА,

«Алтын алқа» иегері:

  • Бала – әйел адамның өмі­рін­дегі ең үлкен сый. Өткенге көз салсақ, батыр аналарымыз көп болған. Қазір біз сол жан­дардың ізін жалғастырып келе­міз. Әрбір қыз-келіншекке «ана» деген қасиетті де қастерлі атты есту бұйырса екен деп тілеймін.