ЗАҢҒАР ТҰЛҒАНЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Уақыты: 18.01.2019
Оқылды: 1400
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

   Алаш баласының маңдайына біткен шоқжұлдызы,  көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына биыл 107 жыл толып отыр. Дара тұлғаны еске алу мақсатында Алакөл ауданы, Үшарал қаласында атамыздың атымен аталған орталық алаңда еске алу шарасы ұйымдастырылды.

 

   Бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, қала тұрғындары қатысқан шара Д. Қонаевтың ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Сөз алған Үшарал қаласының әкімі Мақсұт Сайдильдинов Дінмұхамед Ахметұлының өнегелі өмірі жайлы сөз қозғап, есімінің есімізде мәңгілік сақталатынын баса айтты. Одан кейін  Алакөл ауданының Құрметті азаматы, ақын Тезекбай Садиев тау тұлғаның ерен еңбегіне тоқталса, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жеңіс Жұманов ақтаңгер азаматтың соңғы демі Алакөлдің бойында үзілгенін және бұл өңірдің ол кісі үшін орны ерек болғандығын жеткізді. 
   Жиында сөз алған Үшарал №2 орта мектебінің психологы Айдана Тынысбекова Д. Қонаевтың жастардың темірқазығына айналғандығын мақтана айтып, қатарластарын аталарындай білімді, білікті, талапты, табанды болуға шақырды.

Алмат ЕСЕМБЕКОВ