"БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫҚ": АТА-АНАЛАР АЛҒЫС АЙТТЫ

Уақыты: 25.11.2019
Оқылды: 1177
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Біз "Алтын бесік" ясли балабақшасының ата-аналары, құрылтайшы Гүлім Жұлыноваға, балабақша басшылығына, Гүлбану Зайнуллина басқаратын еңбекқор ұжымға шын жүректен рахметімізді айтқымыз келеді.

Жаңадан ашылған "Қарлығаш" тобы алғашқы мерекесін жақсы өткізіп, көпшіліктің көзайымына айналды. Кішкентай балапандарымызды қанат қақтырып, жол ашып жатқан тәрбиешілері Эльмира Сәрсенова мен Бақтыгүл Жамабаеваның еңбектеріне Алланың нұры жаусын деген ізгі тілегімізді арнап, алғыс білдіреміз.

Осындай жұмысына адал, үлгілі, жауапкершілігі мол тәрбиешілердің арқасында топтар арасында өткен күз көрмесінен бірінші орын алдық. Мұның бәрі, әрине, тәрбиешілеріміздің еңбегі деп есептейміз. Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!

"Алтын бесік" ясли балабақшасы "Қарлығаш" тобының ата-аналары

Талдықорған қаласы

Алматы облысы