«ЖЕТІСУДЫҢ» ЖАНАШЫРЫ: ГҮЛЖИЯН СҮЛЕЙМЕНОВА ӨМІРДЕН ӨТТІ

Уақыты: 07.07.2020
Оқылды: 2747
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Гүлжиян Мағданқызымен ұзақ жыл идеология саласын басқарғандықтан етене жақын араластық. Сяаси, қоғамдық өмірден тыс уақытта әңгімеміз де, әзіліміз де жарасып, әрқайсымыздың әріптесімізге айналып кетуші еді.

Өмір мектебінің әрбір өткен өткелінен алған сабағын бізге айтып отырудан жалықпайтын. Ішкі саясат басқармасын басқарып отырғанда қазақ баспасөзінің атасына айналған облыстық «Жетісу» газетінің шынайы жанашыры бола білді. Сол уақытта ата басылымның тиражы елу бес мыңға жетіп еді. Бұл облыстағы бас идеологтың аудан басшыларымен бірлесе жұмыс істеп, Ахмет Байтұрсынұлының: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп айтқанындай әр басылымның оқырманға ең қажетті рухани азық екенін дұрыс жеткізе білгенінің жемісі болатын. 

Қызмет бабында біздің көңіліміздің төрінде осындай жанашырлығымен қалған Гүлжиян Мағданқызының отбасына, туған-туыстарына «Өлке тынысы» ЖШС-мен облыстық «Жетісу» газеті ұжымының атынан қайғырып көңіл айтамыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"