ПНЕВМОНИЯ: ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖОЛАН ОМАРОВ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 27.07.2020
Оқылды: 1766
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров 41 жасында пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады.

Қырық бір жастағы аудан әкімі 27 шілде күні таңертең өмірден өтті, марқұмның артында төрт баласы қалды. Талғар аудандық әкімдігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Жолан Ыбырайахынұлы 1979 жылы 7 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдады.

Еңбек жолын Алматы облысы Ұзынағаш ауылында "КИРЗАВОД-1" ЖШС атқарушы директоры болып бастады.

Әртүрлі жылдары Алматы облыстық жер қатынастары басқармасында, Алматы облыстық туризм басқармасында жұмыс істеді.  Алматы облысының жер қатынастары басқармасын басқарды.

2017-2019 жылдар аралығында Алматы облысы Райымбек ауданының әкімі болды.

2019 жылдың қыркүйегінен Талғар ауданының әкімі қызметін атқарды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"