Өзегіне табиғат дарытқан қасиетті құндақтаған сәбидей аялап, шалқар шабытпен іс қылу азаматтың адами болмысын айшықтайтын негізгі дүние болса керек-ті. Ал қарыс маңдайға қасиетті сөз өнерінің иесі болу жазылса, онда саған қарапайым жандардың кемі мыңы тындыратын істі тиянақтап, түмен қол арқалауға т...
Тарих деген ұлы жазбаның әр бетіне бедерленер тұлғалар болады. Олардың бірі көмейінен сөз нілін тамызған көсем, бірі кәрі еменнің тамырындай шатысқан дүниені бірауыз лепеспен шешер шешен, енді бірі аттың жалын жастанып, қара жұрттың қамы деп қара адырларда шашақты найзасына сүйеніп қалғыған батыр бо...
Иә, әр заманның өз бейне-бітімі бар. Десек те, әр ұрпақ тиесілі еншісін өзі өмір сүрген уақытынан алып қалуы керек. Рухани азық – әр адамның таусылмас қазынасы. Ойлап қарасақ, сол бір кездің адамдары-ай деп тамсанамын! Өнер десе ішкен асын жерге қоюшы еді. Жалындаған жастық шақ, қайталанбас...
Баламен баладай, данамен данадай сөйлесетін адамдар болады. Сондай-ақ, жарқын, аузын ашса жүрегі көрініп тұратын ананың бірі – марқұм Қапан апамыз еді. Өзінің жарын Ұлы Отан соғысы кезеңіндежеті жыл күтіп, арына дақ түсірмей, әке-шешесі мен ата-енесінің бетіне салық салмай «арды ойлаған&...
Нәйлә Мақсұтқызы Халилова!Бұл есім кешегі ел басына күн туған, өрімдей боздақтар мен соғысқа жарамды еркек атаулы майданға аттанып, тылдағы ауыртпашылық әйелдер мен жасөспірімдердің, қарттардың иығына түскенсоғысжылдарында Абыралы өңіріндегі әр отбасына белгілі болды десек, өтірік емес. Егер көзі ті...
«Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды» деген хабарды естігенде барша халықпен бірге қазақ жұртының да жүрекжарды қуанышқа бөленгені анық. Бақандай төрт жылға созылып, майдандағыны да, тылдағыны да әбден титықтатқан қанды соғыс әр шаңыраққа алапат зардабын тигізді. Сол сұм соғыс аяқталып, е...
Қазақ тарихындағы әйгілі «Аңырақай шайқасында» ерен ерлік танытып, аты аңызға айналған Сәмен батыр Шпекбайдың түп атасы. Әйгілі Төле би бабамыздан: «Атың төрт рулы елге жауынгерлік ұран болсын!» – деген бата алған баталы ер Сәменнің ұрпағы Мұсахан Шпекбайұлы көзі ашық,...
Соғыстың аяқталғанына 75 жыл өтті. Жеңіске майдан даласынан мыңдаған шақырым жерден болса даОтанын қорғау үшін Сарыесік – Атырау алқабының жүздеген азаматы өз үлесін қосты. Олардың көбі соғыстан қайтпады, ал жеңіспен оралғандары бірден бейбіт еңбек майданына араласып кетті. Солардың бірі менің...
Қазақтың батыр қыздарының қатарын толықтыратын тағы бір қаһарманның есімі – Зияда Досбергенова! Жамбыл ауданының топырағында туған батыр қыздың жауынгерлік жолы өнегемен өріледі. Тіршіліктің тауқыметін көріп өскен Зияда Досбергенова 1924 жылы Ұзынағаш ауылдық округіне қарасты Жаңақұрылыс ау...
Қанша үйдің ұрлап адамын, Қанша үйде сөніп қалды оттар?! Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар?! Сырбай Мәуленовтің осы өлеңін оқыған сайын көзге жас келеді. Соғыстың қасіретті көрінісі көз алдымызға келеді. Осындай қиын-қыстау кезеңде Отан үшін от кешіп, жеңіс туын желбіретк...