Енем өмір бақи мал баққан кісі. Жарық дүниеге он бір бала әкелген алтын құрсақ ана. Бар болғаны 40 жасында құдай қосқан қосағы, арқасүйер тірегінен айырылса да отбасындағы ауыртпалықты жеңе білген қайсар жан. Жаулығы желбіреп жүріп солардың бәрін жалғыз өзі жеткізген. Менің отбасымның иесі - осы аяу...
Көке, келген жасыңыз құтты болсын... Осыдан бес күн бұрын туған күніңізбен құттықтаймын деп дәл осылай сөз бастап алдым да ойға қалдым: қиқар ақын атанған Әбікен Сарыбаевтың қайсар қызын неге апа, әпке, тәте деп атамадық екен?! "Көке" деп көбіне қазақ ең үлкен ағасын, әкесінің бауырларын айтады. Әйе...
Еңбек қашанда бағалануы тиіс. Осыны үнемі есінде ұстайтын Алматы облысының әкімі АмандықБАТАЛОВ Қазақстанның Құрметті сәулетшісі, Қазақстан Республикасы Көркем академиясының академигі Қаби Баулықовты қабылдады. Елдің әлеуметтік-мәдени дамуына сіңірген талай жылғы еңбегі ескеріліп, сәулетшіге «...
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес күнтізбемізге жан жадыратып, мерейімізді өсіретін ерекше бір мереке енгізілгелі төрт жыл өте шықты. Аз уақыттың ішінде Алғыс айту күні ғұрпымызда бар ғұмырлық мерекеге айналып үлгерді. Ауызбіршілігіміз ар...
Майдан даласына аттанып бара жатқан алаң көңіл бозбаланың қолына елік қыз орамал ұстатқан. Осы сәт жас жігіттің бойын ыстық сезім кернеп кеткен. Жып-жылы алақан салалы саусақтарды жайлап қана сипап, сусып кете барды. Жалт бұрылғанда байқағаны – бұл жанар басқа жандардан өткірлеу, мейірімділеу...
Қазақтың тарихында хатқа түспеген бір асыл заңдылық бар. Ол – анаға құрмет. Арыға бармасақ та тәуелсіздіктің елең-алаң шағындағы қиын күндерде бар ауыртпалықты көтеріп, елдің еркіндігін алға жетелеген аналарымыз бүгінде қоғамның әр саласында ерінбей еңбектеніп, көшіміздің көлікті болуына ықпал...
Бұл мақаламыздың тақырыбын «Дипломсыз дарын» деп те қоюға болатын еді. Әйткенмен, кейіпкеріміздің тағдыр тәлейі, бітім-болмысы біз нұсқаған бағытқа тартпады. Қанша құлшынғанмен басына бақ қонбаса өнердің де өлермен күй кешерін ұқтық сосын. Құдай берген нығметті тұмшалағаннан не ұтасың? К...
Өңірлерді газдандыру ісі – мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларында көзделген маңызды міндеттер қатарында. Алматы облысында бұл бағыттағы жұмыс кейінгі жылдары қарқынды жүргізілуде. Әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз етудің ауқымы жыл өткен сай...
Ардақты әкеміз, Орал өңірінің тумасы, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Темірболат ЕДІЛБАЕВ жайлы сыр шерткім келеді. Еңбекпен есей...
Көл-көсір адам көңілін бабаларымыз «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?» деп түйіп тастаған ғой. Демек, көңіл дегенің керемет ұғым. Адамның жан-дүниесінің жарық сәулесі, өткен өмірің мен жастығыңды жалғастырған сағым сезім. Тіршілікте аралас-құралас жүрген жақсылардың көңіл терезеңді ж...