ТАЛДЫҚОРҒАНДА ПОШТА ҚЫЗМЕТКЕРІ 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ҰРЛАТЫП АЛДЫ

Уақыты: 11.02.2021
Оқылды: 1131
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талдықорғанда пошта қызметкерін тонап кетті. Оның қолында зейнеткерлерге тиесілі 1,5 миллион теңге болған.

Күндізді сағат 11:00-де Талдықорғандағы полиция бөлімшесіне 53 жастағы пошта қызметкері арызданған. «Пошта қызметкері велосипедпен зейнеткерлер үйіне келе жатқан тұста белгісіз біреу артқы жақтан келіп, жәшігінде жатқан дорбаны алып кеткен. Ал онда 1,5 миллион теңге қаражат болған. Жедел-іздестіру шарасы барысында 40 жастағы жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Күдікті бұған дейін де сотталған болып шықты», - деді Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 1 бөлігі «Тонау» дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан