"БІЗДІҢ БИ ТӨБЕЛЕСПЕН АЯҚТАЛАДЫ": ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ ҰЯТТЫ ОҚИҒА

Уақыты: 14.09.2021
Оқылды: 1117
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Әлеуметтік желіде Іле ауданындағы жаппай төбелес туралы ақпарат тарады. Аталған оқиғаға қатысты Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

"Мерей саяжайы. Үндістанда әр төбелес бимен аяқталады, ал бізде әр би төбелеспен аяқталады. Іле ауданы", - делінген желідегі жазбада. Алматы облыстық полиция департаменті хабарланғандай, қазіргі уақытта Іле аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл фактіге қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Междуреченск ауылындағы жаппай төбелестің барлық егжей-тегжейі мен мән-жайы, сондай-ақ, барлық төбелеске қатысушылар анықталуда. Осы уақытқа дейін полицияға бұл факт бойынша ешкім арызданған жоқ, дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған ешкім болмаған. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - деді Алматы облысының полициясы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"