Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН АЙНАЛЫСҚАН ҮШ ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 24.09.2021
Оқылды: 1798
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облыстық полиция департаменті "STOP-трафик" шарасы аясында Қарасай ауданында ақша табу мақсатында жезөкшелікпен айналысып жүрген үш әйелді анықтап, ұстады. Олардың бірі көрші республиканың азаматы болып шықты. Бұл жайында "Жетісу" газеті мәлімдеді.

- Алматы облысы аумағында 2021 жылдың 19 қыркүйегі мен 24 қыркүйегі аралығында STOP-трафик республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – адам ағзаларын заңсыз алу, адам саудасы, оның ішінде, кәмелетке толмағандар мен жаңа туған нәрестелерді сату, жезөкшелікпен айналысуға, еңбек құлдығына және адам саудасына қатысты басқа да қылмыстардың алдын алу. Притон ұйымдастыру мен күдік туғызатын тұлғаларды анықтау мен тіркеу де осы шара аясында ұйымдастырылды, - деді Алматы облыстық полиция департаменті криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Данияр.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында жалдамалы пәтерде жыныстық қызмет көрсеткен үш жезөкше әйелге қатысты іс қозғалды. Көршілес республиканың азаматы көші-қон полициясының елден шығару үшін сотқа дайындаған материалы негізінде елден шығарылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"