АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУЫР СОҚҚЫДАН ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТЫ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 26.09.2021
Оқылды: 1205
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысының тұрғыны шетелдік азаматты күрек сабымен ұрып өлтірді. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Қайғылы оқиғадан кейін 42 жастағы Өзбекстан азаматы есін жимастан ауруханада қайтыс болды. Оқиғаның барлық мән-жайын зерттегеннен кейін тәртіп сақшылары Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

- Күдіктінің айтуынша, ол жәбірленушімен таныс болмаған. Ол кездестірген досының жанында болған. Екеуі шамамен бір литр арақ ішкен, содан соң өзара сөзге келген. Даудың арты төбелеске ұласып, ол қарсыласының басынан күрек сабымен үш рет ұрып, оны сұлатып, оқиға орнынан бой тасалаған. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, - деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"