ҚАПШАҒАЙДА ЖЕҢІЛ ЖҮРІСТІ ҚЫЗДАРДЫ ҰСЫНАТЫН "ЖЕҢГЕТАЙ" ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 19.10.2021
Оқылды: 1378
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қапшағайда "жеңгетайлық жасады" деген күдікпен 40 жастағы келіншек ұсталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматы облысының криминалдық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі - «Пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлық жасау» бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Қапшағай қаласындағы қонақүйлердің бірінен полицейлер әкімші болып жұмыс істейтін 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл азаматша өзінің негізгі міндеттерінен бөлек, ақшалай сыйақы үшін «жеңгетайлық» қызметтерін де атқарған, клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін жеңіл мінез-құлықты қыздарды ұсынған.

- Күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат жария етілмейді, - деді Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан