ҚАСКЕЛЕҢДЕ БЕЛГІСІЗ ӨЗБЕК АЗАМАТЫ ОҚУШЫ ҚЫЗҒА ШАБУЫЛДАДЫ

Уақыты: 20.11.2021
Оқылды: 1043
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қаскелеңде жүрген Өзбекстан азаматы тапа-тал түсте оқушы қызға шабуылдаған. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

«Бұл оқиға күндізгі сағат 13:00 шамасында Қаскелең қаласындағы Қарасай батыр көшесінде болған. Осы жайтқа байланысты полицияға көмек сұраған хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткенде тәртіп сақшыларына әйел адам арызданып, оның 12 жасар қызына шамамен 35-40 жастағы ер адамның тап бергенін жеткізген», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция ақпаратына сәйкес, аталған факті бойынша 39 жастағы ер адам ұсталып, Қарасай ауданының полиция басқармасына жеткізілді.

- Кәмелет жасына толмаған Н.есімді оқушының айтуы бойынша, ол мектепке бара жатқанда артынан белгісіз ер азамат келіп, тап беріп, ақша талап еткен. Бірақ оқушы одан құтылып, қайта мектепке қарай жүрген. Бірақ сол ер азамат дәл аялдаманың тұсында оқушы қызға қайта тап беріп, күшпен аялдаманың орындығына отырғызып қойған. Сол сәтте өзге адамдар оқушы қызға көмекке келіп, ал тап берген ер азамат оқиға орнынан қашып кеткен, - деді полиция өкілдері.

Қазір аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 24-бабы 3-тармағы бойынша тіркелді. Тергеуге қажетті сараптамалар тағайындалды. «Ұсталған ер адам - Өзбекстан елінің азаматы. Ол 30 тәулікке қамауға алынды», - деп толықтырды полиция қызметкерлері.

Айта кетейік, белгісіз азаматтың оқушы қызға тап берген сәті бейнебақылау камерасына жазылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"