ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ БҰРЫНҒЫ ТӨРАҒАСЫНА ТАҒЫ БІР АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

Уақыты: 14.01.2022
Оқылды: 1275
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасаудан бөлек тағы бір айып тағылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекет фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д.Ерғожин ұсталды. Тергеу жалғасуда", - делінген ҰҚК таратқан ресми хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"