Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ОБЛЫС ӘКІМДІГІН ТОНАҒАН ЕКІ КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ - ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

Уақыты: 22.01.2022
Оқылды: 637
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы облысы әкімдігі ғимаратынан техника мен тұрмыстық заттарды ұрлаған күдіктілерді әшкереледі. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді.

- Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы облысы полиция департаментінің уәкілдері Талдықорған қаласының 28 және 24 жастағы екі тұрғынын анықтап, ұстады. Дәлелдер базасынан кейін ұсталғандар ұрлық жасағанын толық мойындады. Қызметкерлер түрлі ұйымдастыру техникалары мен кеңсе бұйымдарын, сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған тұрмыстық техниканы тәркіледі, - деді полиция өкілдері.

Күдіктілердің айтуынша, олар жаппай тәртіпсіздік кезінде облыс әкімдігінің ғимаратына келіп, бірқатар затты қолды еткен. Ұрланған заттардың арасында кеңсе қарындаштары, стикерлер, жуғыш заттар, тіпті, дәретхана қағазы сияқты ұсақ-түйектер де болған.

Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың екеуі де Талдықорған қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алынған дәлелдемелер іс материалдарына қоса тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін қысқа мерзімде сотқа берілетін болады. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"