ҰЗЫНАҒАШТА ЖЕР ӘПЕРЕМ ДЕП 7 МИЛЛИОН ЖЫМҚЫРҒАН АЛАЯҚ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 28.02.2022
Оқылды: 1410
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Жамбыл ауданының полиция бөліміне белгілі бір азаматтың Қайназар ауылынан жер телімін алып беремін деп алаяқтық жолмен 7 миллион теңгені жымқырып кеткендігі туралы арыз түсті.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 1-бөлігімен, 3-бөлігі, 4-тармағымен полиция бөлімінде тіркелді.

- Жәбірленушілердің айтуынша, белігілі бір азамат Қайназар ауылынан жер алу үшін әр қайсысынан 1 000 000 теңге көлемінде ақша алған. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ұзынағаш ауылының тұрғыны болып табылатын 34 жастағы күдікті ұсталып, өз кінәсін толық мойындады. Күдікті Жамбыл аудандық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Айдар Омаров.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"