ЗЕЙНЕТКЕР АТА КЕЛІНІН ҚОРҒАЙМЫН ДЕП ТУҒАН ҰЛЫН ПЫШАҚТАП ТАСТАДЫ

Уақыты: 13.05.2022
Оқылды: 2298
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қаратал ауданының полицейлері өзінің ересек ұлын өлтірді деген күдікпен 69 жастағы зейнеткерді ұстап, қамауға алды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Аталған дерек Қаратал ауданы Дойыншы ауылындағы жеке үйлердің бірінде тіркелді. 42 жастағы ер адам оқиға орнында пышақ жарақатынан қайтыс болғаны анықталды.

- Ұсталған күдікті кісі өлтіргенін толық мойындады. Өз айғақтарында ол ұлына отбасылық мәселелерді талқылауға келгенін түсіндірді. Қонақта болған кезде қарт адам кездейсоқ ұлының әйелімен жанжалына куә болып, келінін қорғауға тырысқанын жеткізді. Содан кейін қаза болған азамат өзінің әкесіне жұдырық алып жүгірген, сол уақытта ол асханалық пышақ алып сұғып алған, - деді Қаратал аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Рауан Әбдірайымов.

Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Асүй пышағы айғақзат ретінде іс материалдарына тіркелді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"