ҮШТӨБЕДЕ ЖҮЙКЕ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН АЗАМАТ ТАҒЫ ДА ЗИРАТ ҚИРАТТЫ

Уақыты: 22.05.2022
Оқылды: 1975
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында зират қиратқан күдікті ұсталды.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы күдіктінің психикалық ауытқуы бар. Ол бұған дейін де молаларды қиратып, ұсталған. Бірақ бұрынғы әдетін қоймай келеді.

«Моланың бұзылғандығы, вандализм фактісі болғандығы жөнінде хабарлама түсті. Жедел-тексеру барысында аталған факті расталды. Күдікті ретінде Үштөбе қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қаңтар айында ғана осындай әрекеті үшін ұсталып, психоневрологиялық диспансерге жатқызылған болатын. Белгілі болғандай, ер адам екі ай сол диспансерде емін алып, үйіне оралғанда қайта молаларды қиратуға кіріскен», - деді Қаратал аудандық полициясының бастығы Рауан Абраимов.

Полиция ақпаратына сәйкес, күдіктіні тағы да диспансерге жатқызған. Дәрігерлердің тексеруінен кейін оған қатысты іс сотқа жіберіледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"