БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 50 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 28.05.2022
Оқылды: 2763
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесіне сілтеме жасап хабарлады.

«Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экс-басшысы мен лауазымды тұлғаларына қатысты заңсыздық анықталды. Олар Қаржы институтының басшысымен алдын ала сөз байласып, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген 50 000 000 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған. Күдіктілер ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары құны бойынша жеткізбек болған. Осы дерек негізінде сотқа дейінгі тергеу тіркелді», - делінген Алматы облысының "Антикор" қызметі ұсынған хабарламада. Тергеу жалғасуда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"