ҚАСКЕЛЕҢДЕ ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ИТ СОЯТЫН ЖЕР БАР МА? ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 10.09.2022
Оқылды: 1163
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Әлеуметтік желіде ит соятын орын ұйымдастырылғаны туралы бейнежазба жарияланған болатын. Осы жарияланым бойынша тергеу басталды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада екі әйел адам қамауда тұрған иттерді көрсетеді. Олардың болжамы бойынша, бұл – ит соятын орын. «Бұл – тура ит соятын орын. Қарасаңшы, арқан тұр. Ал, мына жерге итті сояды», - деп қосады видео авторы.

Желідегі жазба бойынша тексеру жұмыстары басталған.

«Аталған фактіні Алматы облысының Қарасай аудандық полиция басқармасы назарға алып, "Жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді. Тексеру басталды», - делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"