ӘНШІ ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІ ҚАМАУҒА АЛЫНЫП, ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 30.09.2022
Оқылды: 1777
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Бүгін күдікті Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабында көзделген «бұзақылық» бойынша іс қозғалды. Іс Кеген ауданының полиция бөлімінде тіркелді.

Қазіргі таңда елге белгілі әнші Талғар ауданының полициясында қамауда жатыр. Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахмановтың айтуынша, оқиғаны жан-жақты, толық әрі объективті зерттеу үшін заңмен қарастырылған барлық шара қолға алынған.

Еске салайық, оқиға 28 қыркүйекте Кеген ауданындағы Көлсай ұлттық паркі аумағында болды. Әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төреәлі оның қабағын жарып, жұдырықтағанын жеткізген еді. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіліміне тіркелді.

«Әнші Төреғалиға қатысты іс 29 қыркүйекте әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталды. Оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында болған. Құқықбұзушылық ҚР ҚК-нің 293-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіп, оқиғаның шынайы мән-жайы алдағы уақытта анықталады», - делінген полиция хабарламасында.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"