ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Уақыты: 25.01.2023
Оқылды: 1884
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Адам  баласы  шыр етіп  дүниеге  келгеннен  бастап қоғамның, өзі  өсетін  тіршілік  ортасының  мүшесі  болады. Адам дүниеге келісімен өзі  көріп отырған  адамдардың іс-әрекетіне, қимылына ас-ішуіне, киіміне жүріс-тұрысына, сөйлесуіне таңдана  қарап, өзі де сол  көргендерді  есту мақсатында әрекет  жасайды.

Осыған  байланысты Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға  бірінші білім  емес, тәрбие  керек. Тәрбиесіз  берілген  білім – адамзаттың қас жауы», – дейді. Сондықтан, ең әуелгі өсетін  ортасы-отбасы  тәрбиесіне  өте  терең көңіл бөлу  керек. Егер отбасында жақсы тәрбие  алған болса, өскенде де сол  тәрбиенің  ізімен  баруы сөзсіз. Ал жаудан  қорқпаған  аталарымыз жоқтың қасы. Атам қазақтың ұрпақ тәрбиесін жоғары  қойғандығы  соншалық, қазақтың  қаһарман  батыры  Бауыржан Момышұлы: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып баражатқанынан қорқамын. Екіншіден ертегі айтып бере алмайтын  әжелердің  көбейіп бара жатқанынан  қорқамын. Үшіншіден дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі  тыңдап, дәстүрді  бойына  сіңіріп  өспеген баланың көкірек көзі көр  болама деп  қорқамын», – деген. Расымен, қазақ  ұрпағына ұлағатты тәрбие беріп, ұлт жанды ұл, қылықты  қыз  өсірген.

Ал қазір  біз  сол  ғасырлар бойғы  ұлы  құндылықтарымыздан   ажырап барамыз. Бесік жырын шетелдің ү-шу, даңғаза әуеніне, ертегіні телеарна мен  компьютердегі атыс-шабыс ойындар мен мультфильмдерге алмастырып алдық. Бұл – бүгінгі  қоғам  дерті. Өкініштісі,   сол  сәбиін әлдилеп, ән  айтатып еміренетін әжелер азайды. Бесік жырын  білмейтін аналар  көбиді. Ұлдарын атқа  мінгізіп өрістен  аталарымыз  жоқтың  қасы. 

Тәлімді тәрбие – бала  дүние  есігін  ашқан  сәттен бастау  алады. Тәрбиеге негізделген білім балабақшадан басталатындықтан, біз бүлдіршіндерге бар білгенімізді аямай, оларды демеп, тәртіпті болып өсуге қолдау білдіреміз.  Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз.

 

Жаныл НЕСІПБЕКОВА,
«Бөбек» балабақшасының меңгерушісі