"Дінімізде жұлдыздарға сенуге тыйым салынған": Ай қарап, жұлдыз санау дұрыс па?

Уақыты: 03.06.2023
Оқылды: 2546
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алдағы өмірін жұлдыз-жорамалға сеніп тапсыру, тағдырын жоспарлау ХХІ ғасырдың өзекті тақырбы. Екі жастың бір-біріне сәйкестігін жорамалдау, үйлену тойының күнін белгілеу, қай айда ұрпақ сүю керектігін ойластыруды да астрологтар  жұлдыздар арқылы айтып береді. Жалпы астрология ілімі қалай және қайдан шықты деген сұраққа жауап беріп көрелікші.

Астрологияның дамуы үшін Вавилонды мекендеген халдейлер көп еңбектенді. Олардың діни қызметкерлері көкте өмір сүретін құдайларға дұға етті. Өз құдайларына жақын болу үшін діни қызметкерлер пирамидалар салуға бұйрық берді. Ежелгі діни қызметкерлер құдайлармен сөйлесіп, аспанды бақылап отырды, мыс.  Жұлдыздар – шоқжұлдыздарға жиналды. Діни қызметкерлер жұлдыздарға қарап балық аулап, егін егіп, үй шаруасымен шұғылданатын күндерді белгіледі.  

Уақыт өте келе Вавилон  өткенге айналды.  Бірақ құпия білім әлі де өз құндылығын жойған жоқ.  Жұлдыздарға римдіктер мен гректер жүгінді. Олар көптеген шоқжұлдыз бен планеталарға жаңа атау берді.  Гректер жұлдыздарды болжау өнерін "астрология" деп атады. Астролог мамандарына құрметпен қарады. Бос уақытында жұлдыздарды зерттеумен айналысатын әуесқойлар көбейді. Жұлдыз- жорамалдарға Платон, Пифагор, Цицерон секілді ұлы тұлғалар сенді. Сол заманда  патшалардың жеке астрологтары болған. Мысырлық астролог және діни қызметкер Созиген Александрийский Гай Юлий Цезарьға қызмет еткен. Оның бұйрығымен А.Созиген күнтізбелік реформа жүргізді. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ: «жұлдыздар адамның денсаулығына қатты әсер етеді», – деп мәлімдеді. Оның идеялары өте танымал болды, сондықтан барлық дәрігерлер астрология заңдарын білді. Сол кездегі дәл болжам айтқан ең танымал астрологтардың қатарындағылардың бірі Иоганн Кеплер, Тихо Брахе.

Дінімізде жұлдыздарға сенуге тыйым салынған. Ол ауыр 7 күнәнің бірі деп жазылған. Егер адам бал ашушы немесе қазіргі тілмен айтқанда жұлдыздарға, нумеролог, тарологтарға өмірін сеніп тапсырса, онда ол адамның 40 күндік дұғасы қабыл болмайды.  Дінтанушы Абдусамат Қасым:  "Нумерология – тылсым әлеммен байланысы бар эзотериялық (құпия) наным жүйесі. Мұны "сандармен бал ашу" деп атайды. Шариғатта бал ашу да, аштыру да харам. Әрбір әріп пен сандарда белгілі бір мәліметтер жасырылған деген сенім ғылыми негізі жоқ. Ол құр қиял мен соқыр сенімділік ғана.

Қазіргі таңда жұрттың біразы жұлдыз-жорамалға сену дұрыс десе, енді бірі  білгіштердің дүдамал ойы дейді. Ал астрологтар адамның туған күні, айы, жылы арқылы мінез-құлқы, болашағы, кәсібі жайлы айтып беруге болады деп топшылайды.  Психологтар  астрологтарға қарсы пікірде. Себебі, сандарға сену адамның психикасына әсер етіп, қиындыққа төтеп бере алмай қалады дейді.

Мамандар жұлдыз-жорамалға сену адамдардың болашағына  жауапкершілік алғысы келмегендіктен, тағдырын жұлдыздарға тапсыруды жөн көргендіктен сенімдері басқаға бағытталатынын айтады. Замандастарыма айтарым, жорамалдаушыларға сенемін деп күнәға белшеден батып қалмаңыздар.

Айнұр Рахымбекқызы,
ЖУ-дің 3-курс студенті.

Сурет ғаламтордан алынды