ТАЛДЫҚОРҒАН АЯЛДАМАСЫ: ОҢАЙЛЫҚПЕН ОТЫРА АЛМАЙСЫҢ

Уақыты: 02.06.2019
Оқылды: 1720
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талдықорған қаласында кейінгі жылдары түрлі аялдама бой көтеруде. Десе де, қаланың шет аудандарында мұндай заманауи аялдамалар жоқ.

Мәселен, №16 бағыттағы қоғамдық автобус «ХАК» медициналық орталығының дәл алдына тоқтайды. Көбіне бұл бағытпен саяжай тұрғындары қатынайды. Аялдамада адамға жайсыз орындық орнатылған. Оның биіктігі адамның белінен келеді. Оңайшылықпен отыру мүмкін емес. Жастар секіріп жайғасады. Ал орта жастағы кісілер мен қариялар ше? Еміне шипа іздеп келген науқастар не істейді? Осы мәселе қалалық әкімдік назарына алынса дейміз.

Ардагүл ӘСКЕРБЕК

Талдықорған қаласы