Қуыс үйден құр шықпа

Уақыты: 02.06.2016
Оқылды: 6821
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қонақ келсе есікке,

Жүгіріп шық, кешікпе.

Қарсы алмасаң қонақты,

Кесір болар несіпке, – деген Бөлтірік ше­шеннің бірауыз өсиетінен қонақ атаулының қазақ үшін өте сыйлы да қымбат, ардақты екенін аңғарамыз. Иә, есігінде құлып тұрмайтын қазақ келген адамды құт тұтып төріне шығарған. Тәтті мен дәмдісін алдына тартқан. Пейілі түскен адамға арнайы сый-сияпатын ұсынып, қуыс үйден құр шықпа деген тәмсілді ұстануының өзі тектілік болса керек. Қазір де бұл үрдіс қасиетті халықтың бойынан кетпеген.

Үйіне келген қонақты құшақ  жая қарсы ала­тындардың қарасы көп қазірде. Бар дәмдісін ал­дына қойып, ардақ тұ­тады. Кетерінде қа­зақ­тың ырымына сай сый-сияпатын да ая­май­ды. Бірақ қазір қонақтың қо­лына қандай сый ұсы­ны­ла­ды?! Жақында бір та­ны­сым қонаққа барып, сый­лық алып қайтыпты. Тарту ретінде көйлек берген екен. Қора­бына қарасаң тәп-тәуір дү­ние. Бірақ ішін­дегісін көр­генде еріксіз күлдік. Күлкінің себебі, жей­­денің мойын өл­шемі 44, көлемі кең, иығы кішкене, етегі шонтайтып қып-қысқа болып тұр. Күлдік деймін-ау ол күлкінің аста­рында ыза тұрды. Бұған кім кінә­лі? Осылай сын көтер­мейтін тауар арқылы өз кәсібін дөңгелетіп жүр­ген­дерге  неге жол беруі­міз керек?! Бұл сонда өз-өзі­мізді өзгелерге мыс­қыл­датып қойғанымыз ба?  До­сыма сый берген үй ие­сінің өзі де қандай зат алғанын білмейді, мүмкін оған да біреу сый ретінде берген болар. Біз­дің қазақ осындай аңғал мінезімен сапасыз дүние­ге душар болуда. Ойла­найық аға­йын, ойға ала­йық!

Құралбек СӘБИТОВ