СҰМДЫҚ-АЙ: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 10 АДАМ ЖЫНЫСЫН АУЫСТЫРҒАН

Уақыты: 18.10.2019
Оқылды: 902
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Өткен 2017 жылдан бері Алматы қаласында барлығы 10 адам жыныс ауыстыруға байланысты жаңа куәлік алған. Бұл жайында "Алматы" телеарнасы "Tengrinews.kz" сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Бұл мәліметті Алматы қалалық әділет департаменті ұсынған. Департаменттің ресми өкілі Әсемгүл Батыргерееваның айтуынша, жынысын ауыстырған 10 адамның ішінде 4 ер адам жынысын әйелге, ал 6 әйел адам жынысын ер адамға ауыстырған. Сондай-ақ, департамент өкілдері жыныс ауыстырғандардың құжат алу тәртібін айтып өтті.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 257-бабының 13-тармағында жыныс ауыстыру тәртібі көрсетілген. Жеке куәлікті ауыстыру үшін АХАЖ бөліміне барып, жыныс ауыстырғаны туралы акт толтыруы қажет", - дейді Ә.Батыргереева.

Оның айтуынша, жыныс ауыстырғанда жаңа құжат алу уақыты әдеттегі құжат алу уақытымен бірдей.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды