ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ: МЕКТЕПТЕ ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ

Уақыты: 06.11.2019
Оқылды: 1630
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Мектеп жасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Талдыбұлақ орта мектебінде ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында білім ордасының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сабаншиева баяндама жасап, отбасын жоспарлау туралы ақпарат берді. Отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің маңыздылығы туралы әлеуметтік-педагог Г.Алуашова баяндады.

Қатысушылар мораль және жыныстық тәрбие бойынша сұрақтар қойды. Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді.

Шара барысында ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Қаламаған жүктіліктің алдын алу бойынша бейнеүзіктер көрсетілді.

Модераторлар жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, яғни, зорлау тақырыбында әңгіме жүргізді. Осындай жағдайда қалай әрекет жасау керектігі жайлы ұсыныстар тастады.

Жиналыста қойылған сұрақтардың әрқайсысына мамандар толық жауап берді.

Эльмира МОЛДАХМЕТОВА,

Талдыбұлақ орта мектебінің педагог-психологі

Еңбекшіқазақ ауданы