Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

САУНАДА БЕЙНЕЖАЗБАҒА ТҮСКЕН ПРОКУРОР ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Уақыты: 21.05.2020
Оқылды: 447
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысы, Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев жұмысынан шығарылды.

- Иә, ақпаратты растаймыз. Ол кісі жұмысынан босатылды, - деді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура 16 күн бұрын прокурор мен сот төрағасының кәсіпкермен бірігіп, саунада демалып жүрген бейнежазбасы әлеуметтік желіге тараған еді.

Бейнежазбада камераға түсіріп тұрған автор өзінің сот төрағасымен саунада демалып жатқанын баяндайды. Сондай-ақ, ол белгісіз «ОПГ» өкілдеріне ішіп-жеп, демалып жатырмыз деп, саунаның ішін де таспаға түсіреді.

Артынша кәсіпкер «ОПГ» деген сөзіне түсініктеме берді. Оның «ОПГ» деген сөзі ел ойлағандай "ұйымдасқан қылмыстық топ" емес, «оперативная пивная группа", яғни, "жедел сыра тобы" деген мағына береді екен.

Бұл бейнежазба желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Артынша Бас прокуратура да, Жоғарғы сот та қызметтік тексеріс басталғанын жариялады. Жоғарғы сот бейнежазбадағы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Дінмұхамед Сейітовтың қызметтік тексеріске байланысты өкілеттігі тоқтағанын хабарлады.

"ҚАЗАҚПАРАТ"