ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЖІГІТТЕРДІҢ "ЖЕҢГЕТАЙЫ" ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 13.10.2020
Оқылды: 1175
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талдықорғанда интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатын "жеңгетай" ұсталды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасына Талдықорғанның монша кешендерінің бірінде әкімшінің (администратор) ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатындығы, яғни, жігіттер "жеңгетайлығымен" айналысатындығы туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында ақпарат расталды және криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 33 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын ұстады.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы, 1-бөлігі бойынша тіркелді. Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірлерін тікелей бергені анықталды. Алдын ала сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"