Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

МИЛЛИОНДАП ПАРА АЛҒАН ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙТІН БОЛДЫ

Уақыты: 22.11.2020
Оқылды: 527
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысында 33 миллион теңге пара алды деп айыпталған Қарасай ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде айыппұл төлейтін болып шешілді.

Сот шешіміне сәйкес, енді ол мемлекет қазынасына 73,4 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Аталған мәселе туралы тікелей эфир кезінде AntikorLive Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажанов мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары жеке серіктестің бірінен келісімшартқа қол қою кезінде пара алды деген күдікке ілінген болатын. Ол «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында салынатын нысанға «қамқорлық» таныту үшін сыбайластыққа барған. Ал салынуы тиіс объектінің құны 600 миллион теңге болған.

"ҚАЗАҚПАРАТ"