КОЛЛЕДЖДЕ ОҚИТЫН 16 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗ ЕШКІМГЕ АЙТПАЙ, ҮЙДЕН КЕТІП ҚАЛҒАН

Уақыты: 26.11.2020
Оқылды: 966
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысының полицейлері ата-анасына айтпай, қыдырып кеткен жасөспірімді іздеп тапты.

Еңбекшіқазақ ауданының полициясына хабарласқан тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған қызының белгісіз бағытта кетіп, үйге оралмағанын айтқан. Баласының амандығына алаңдаған ананың арызы негізінде жедел іздестіру жұмыстары ұйымдастырылған.

- Жергілікті тұрғын 2004 жылы туған қызының мекенжайын анықтап беру туралы өтініш білдірді. Жасөспірімді іздеу жұмыстарына аудандағы білікті із кесушілер жұмылдырылып, сол күні кешке жоғалған қызды анасына тапсырдық. Жасөспіріммен және оның анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, бұлай қыдырудың арты жақсылыққа апармайтыны түсіндірілді, - деді Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Сейілханов.

Педагогикалық колледждердің бірінде білім алатын жасөспірім ювеналдық полицейлердің арнайы есебіне алынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан