ҚАРАСАЙЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР САУДА ҮЙІНДЕ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН ЕКІ ӘЙЕЛДІ ҰСТАДЫ

Уақыты: 15.01.2021
Оқылды: 1070
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысында полицейлер сауда үйінен екі әйел ұрыны ұстады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Әйелдер екі сағат ішінде екі ұрлық жасаған. Қарасай ауданының аумағында орналасқан сауда-ойын-сауық орталығында белгісіз тұлғалар электр тауарлары мен киімдерді ұрлаған. Алынған бейнематериалдар негізінде полиция қызметкерлері күзетшілердің көмегімен екі күдіктіні - Алматы облысының 19 және 29 жастағы тұрғындарын ұстады, олардан ұрланған мүлік тәркіледі.

- Ұсынылған дәлелдермен әшкереленген күдіктілер ұрлық жасағанын толық мойындады. Ұсталғандардың бірі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын жауапкершілікке тартылған. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-бөлігі және 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық істер тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді, - деп хабарлады Қарасай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айдос Қалжатбай.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"