АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮШ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ КОРОНАВИРУС ӨРШІП ТҰР

Уақыты: 30.01.2021
Оқылды: 1212
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Соңғы мәлімет бойынша, Алматы облысында КВИ-дің (коронавирустың) зертханалық нақтыланған 9071 дерегі тіркелді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәселен, 100 мың тұрғынға шаққандағы КВИ ауруының көрсеткіші 424,4-ті құрап отыр. Текелі (1845,4), Талдықорған (1336,8), Қапшағай (447,0) қалалары, Көксу (902,6), Қаратал (868,9), Ескелді (674,4), Ақсу (546,0), Панфилов (444,8) аудандарында жағдай облыстық көрсеткіштен жоғары болып тұр.

Қазіргі кезде ауруханаларда 566 адам ем қабылдауда, оның 29-ы – ауыр халде, 396 адам амбулаториялық ем алуда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"