АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КОВИДТЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР САНЫ 108-ГЕ ЖЕТТІ

Уақыты: 31.01.2021
Оқылды: 936
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында өткен жылдың көктемінен бері қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 108-ге жетті. Бұл туралы "Жетісу" газеті коронавирус инфекциясы жайлы ресми мәлімет тарататын сайтқа сілтеме жасап хабарлады.

Соңғы мәлімет бойынша, Алматы облысында барлығы 9225 адам ковид жұқтырған. Оның ішінде, 7 мыңға жуығы жазылып шыққан. Ал қайтыс болғандар 108 адамға жетіп отыр. Бұл көрсеткіш ПТР-тест арқылы анықталған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"