АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР КҮНДЕ 10 АДАМ ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ

Уақыты: 03.02.2021
Оқылды: 1053
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 3 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-мен сырқаттанудың 9414 дерегі тіркелген. Ал соңғы тәулікте облыста 10 адам пневмонияға шалдыққан. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ал соңғы аптада 53 жағдай расталып, тіркелді. Соның 25-і - Талдықорғанда, 4-4-тен - Іле, Қаратал аудандары мен Текелі қаласында, 3-3-тен - Ескелді, Талғар аудандарында, 2-2-ден - Еңбекшіқазақ, Панфилов, Қарасай аудандарында, 1 жағдайдан Көксу, Жамбыл, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай қаласында тіркелген.

Барлығы байланыста болған 77 адам анықталды, үйде - 49, жұмыста – 28, олардың барлығы үй карантинінде, медицина мамандарының бақылауында.

Алматы облысында өткен жылдың 1 тамызынан бері 1782 анықталмаған пневмония дерегі тіркелген. Соңғы тәулікте осындай 10 жағдай тіркелді: Қапшағай қаласында - 7, Еңбекшіқазақ ауданында – 2, Ақсу ауданында – 1. Қарым-қатынаста болған 8 адам анықталды. Барлығы медициналық бақылауда, үй карантинінде.

Алматы облысында соңғы күндері ПЦР тәсілімен 404 133 адам лабораториялық тексеруден өтті. Үш күнде 4365 адам тексерілді. 

1 ақпанда коронавирусқа қарсы өңір халқына жаппай өз еркімен вакцина салудың бірінші кезеңі басталды. Бүгінгі күні вакцина жасалғандардың саны - 180 адам.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"