ЕКІ ӨКПЕСІНІҢ 85 ПАЙЫЗЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ӘЙЕЛ АМАН-ЕСЕН БОСАНДЫ

Уақыты: 12.02.2021
Оқылды: 865
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талдықорғанда коронавирусқа шалдығып, екі өкпесінің 85 пайызы зақымдалған жүкті әйел аман-есен босанды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Талдықорғандағы Алматы облыстық ауруханасының дәрігерлері жүкті әйелді аман-есен босандырып алу үшін барлық тәжірибелерін ортаға салды. Босанған әйелдің аты-жөні - Меруерт Дүйсембек. Аяғы ауыр әйел Сарқан ауданынан 16 қаңтар күні ауыр жағдайда жеткізілген. Жүктіліктің 35-нші аптасындағы әйелді облыстық аурухананың бас дәрігері Анарбек Монғолхан бастаған тәжірибелі мамандар қабылдап алып, дереу ем-дом шараларына кіріскен. Науқастың зақымдалған өкпесі емделгеннен кейін кесіртілігі отасы жасалды.

Нәтижесінде, өмірге Кәусар есімді сәби келді. Қауіпті індеттің шырмауынан құтылып, қол-аяғын бауырына алған Меруерт ақ халатты абзал жандарға алғыс жаудырды. Ауруханадан шығарып алуға келген өмірлік серігі Рауан да ковидпен күресте алдыңғы шепте жүріп, талай адамды ажалдан арашалап жүрген медицина қызметкерлеріне рахметін айтып, ізгі тілегін білдірді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"