ТАЛДЫҚОРҒАН КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ЛОР АУРУЛАРЫН ЕМДЕУГЕ ДАЙЫН

Уақыты: 14.02.2021
Оқылды: 1101
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы 2021 жылдың ақпан айынан бастап созылмалы ЛОР патологиясы бар ересектерге емдеу жүргізіп, құлақ, көмей-жұтқыншақ және мұрын қуысы ауруларының диагностикасын жүзеге асырады. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Қабылдауды жоғарғы санатты оториноларинголог-дәрігер (қысқартылғанда ЛОР-дәрігер) Ерубай Мақсат Есенұлы жүргізеді. Портал, жолдамалар арқылы лор-хирургиясы мен амбулаториялық ем-дом тегін түрде жасалады.

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы ЛОР саласына қарасты күрделі оталарды да жасайды. Мәселен, көпсалалы аурухана: 1.Септопластика, 2.Вазотомия, 3.Конхотомия, 4.Мұрын қабыршықтарының оталары, 5.Мұрын сүйектерінің репозициясы, 6.Ринопластика, 7.Эндоскопиялық оталар ОНП (кисталарды алу синусотомиясы, этмоидотомия, сфеноидотомия, фронтотомия), 8.Құлақ ауруларының оталары (Тимпанопластика, мастоидотомия, стапедопластика) 9.Тонзиллэктомия, 10.Аденоэктомия, 11.Эндоскопиялық дакриоцисториностомия, 12.Қорылдауды кетіретін ота түрлеріне дайын.

Байланыс нөмірі: +7 771 000 19 85 Ерубай Мақсат Есенұлы. Қабылдау уақыты: күнделікті, сағат 13.00-16.00 аралығы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан