КОРОНАВИРУС ПЕН ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЙЫРМАСЫ: МАМАН ТҮСІНДІРМЕСІ

Уақыты: 01.03.2021
Оқылды: 1388
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Ақпанның 24-нен наурыз айнының 24-і аралығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығы өтуде. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Туберкулезбен коронавирус инфекциясының клиникалық айырмашылығы жоқ. Туберкулез сырқатында да COVID-19 инфекциясы сияқты өкпе зақымданады. Жөтел, дене қызуы, ентігу пайда болады, кейбір жағдайда қан қақырады. Бұл індеттердің айырмашылықтарын анализдердің қорытындысы арқылы ғана білуге болады, яғни қақырықты алумен және ПТР тесті арқылы. COVID-19 инфекциясы кезінде жөтел лезде пайда болмайды, ең алдымен, дене қызуы көтеріледі. Содан кейін иіс сезу қабілеті жоғалады, ентігеді. Ал туберкулез кезінде жоғарыда аталып өткен барлық белгілерге жөтел қосылады.  Туберкулезде ең алдымен өкпе зақымданады.

КВИ – бұл вирустан туындайтын ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерия. COVID-19 кезінде өкпені вирус зақымдаса, туберкулезде микобактерия кесірін тигізеді. COVID–19 инфекциясы мен туберкулездің арасындағы тағы бір айрықша белгі – емделу уақытының ұзақтығында. Коронавирус инфекциясы 2-3 апта, ең ұзақ дегенде бір ай емделеді. Туберкулездің емі бұған қарағанда ұзағырақ, ең азы 6 айдан 2 жылға дейін. Емнің әсер етуі туберкулез микобактериясының дәрілік сезімталдығына байланысты. Туберкулезді келесідей 4 зерттеу әдісімен анықтауға болады: бактериологиялық (материал мен жасушалы зерттеуді, яғни, материалдың себіндісін микроскопппен қарау), молекулярлық-генетикалық шұғыл әдіспен (GeneXpert, Хайн-тест), рентгенологиялық және туберкулинодиагностикамен (Манту сынамасы) анықтайды.

Туберкулез де КВИ сияқты ауа тамшылары арқылы беріледі. Сондықтан да қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтап, онымен қоса күдікті пациенттермен, немесе диагнозы анықталған науқастармен қарым-қатынаста бетперде тағып,  әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.

Мәлік БАЗАРБАЕВ,

«Алматы облысының фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК инфекцияны бақылау бойынша облыстық үйлестірушісі